31.07.2017, 20:14 7994

Қарағанды облысыныӊ ірі кәсіпорындары биыл жаӊа технологияларға 185 млрд теӊге құяды

Облыс әкімі Ерлан Қошанов аймақтыӊ барлық кәсіпорындарындағы технологиялық жаӊғырту туралы айтты.

Қарағанды. 31 шілде. Kazakhstan Today - Биыл Қарағанды облысыныӊ тау-кен-металлургиялық кәсіпорындары өз өндірістерін жаӊғыртуға 185 млрд теӊге инвестиция салады. Бұл туралы Қарағанды облысыныӊ әкімі ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтіӊ қатысуымен өткен жиналыста мәлімдеді.

-Мемлекет басшысы алып кәсіпорындар алдына өндірісті технологиялық жаӊғырту міндетін қойды. Бұл оӊай шаруа емес, бірақ 2025 жылға дейін аяқтау керек,- деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Кәсіпорындарды жаӊғырту туралы ірі өндіріс орындарыныӊ жетекшілері баяндама жасады.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов аймақтыӊ барлық кәсіпорындарындағы технологиялық жаӊғырту туралы айтты.

Мысалы, Қарағанды облысыныӊ еӊ көне зауыттарыныӊ бірі - "Мaker" ЖШС құю-машина құрылысы кәсіпорны роботталған заманауи құрылғылармен жабдықтау арқылы білдек паркін жаӊартуда. Болат сымдар өндіретін "Қаз-Метиз" ЖШС 4.0 индустриясы элементтерімен арматуралық сымдардыӊ жаӊа түрлерін жасау бойынша заманауи технологияны енгізуде. "Қарағанды кәмпиттері" бойынша толық жаӊғырту және өндірісті автоматтандыру жобасы жүзеге асырылуда.

- Осы жылы облыста өндірісті жаӊғырту аясында 200 миллиард теӊге инвестиция құю жоспарланған, -деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов. - Илемдегі жетекші компаниялардыӊ бірі автралиялық ALS компаниясыныӊ қатысуымен "Қазгеология" біздіӊ жерімізде еліміздегі алғашқы халықаралық геохимиялық зертхана орнатады. Осымен біз коммерциялық геологиялық барлауды ынталандырамыз, ал одан кейін заманауи тау кен өндіруші кәсіпорындар ашылады. 2019 жылға дейін облыста экспорттық әлеуетімен тағы 9 жоба іске асады - бұл ферросилиция өндірісі, катодтық мыс, полиметал кені, мыс концентраты мен макулатура өӊдеу.

Аймақта трансұлттық компанияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. "Қазцинк" швейцариялық Гленкор Интернешнл компаниясыныӊ қатысуымен Жәйрем КБК-де құны 100 млрд.теӊге жаӊа кезеӊніӊ байыту фабрикасы құрылысын салуға кірісті. Белгиялық "Кармеус Группен" бірлесіп жоғары сапалы әктас өндірісі зауытыныӊ құрылысы жүзеге асырылуда. Бұл жобаныӊ құны - 8,1 млрд теӊге.

Жалпы Қарағанды облысында шетелдік серіктестіктердіӊ қатысуымен 30 жоба жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі жаӊа технологиялар енгізіп жатқан кәсіпорындардағы жұмыс орындары тақырыбын да талқыға салды. Роботталған технология көптеген адамдардыӊ орнын алмастырады, еӊбеккерлерді қысқартуға тура келеді.

-Мемлекет басшысы қысқартылған мамандарды қайта оқытып, жұмыспен қамтуды жүктеді. Біздіӊ облыста арнайы кешенді жоспар құрылған және оларды орта және шағын бизнеске тарту іс-шаралары атқарылуда. Жұмыс орындарын сақтап қалуға болатын жерлерде кәсіпорындармен бірге біз шешу жолдарын қарастырамыз, - деді Ерлан Қошанов.

Жиналысқа ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев мемлекеттік органдардыӊ, Қарағанды облысы әкімдігініӊ өкілдері, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Маӊғыстау, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдерініӊ орынбасарлары, "Самұрық-Қазына" АҚ ҰҚ "Бәйтерек ҰБХ","ҚТЖ" АҚ, "Атамекен" ҰКП, Қазақстанныӊ жүйе құрушы кәсіпорындарыныӊ, сондай-ақ Қарағанды облысыныӊ өнеркәсіптік кәсіпорындарыныӊ өкілдері қатысты.

Жиналыста Бақытжан Сағынтаев, Үкімет Қазақстанныӊ өнеркәсіп орындарымен үнемі кездесулер өткізіп тұратынын айтты. Сондықтан компаниялар өз зауыттарында жаӊғыртуды қалай жүргізуге болатынын нақты білетінін жеткізді.

Қатысушылар Қазақстаннан экспортқа шығару үшін Ресейдіӊ теӊіз көлік инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктерін, дуалды білім беру жүйесін жетілдіруді, өнеркәсіп орындарыныӊ қалдықтарын жою үшін мөлшерлеме көлемін өзгертуді талқылады.

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді бақылауға алуды жүктеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны