21.02.2008, 19:08 3111

Қарағанды облыстық Табиғи монополияларды реттеу басқармасы 2007 жылы істеген жұмыстарын қорытындылып есеп берді

Қарағанды облыстық Табиғи монополияларды реттеу басқармасы 2007 жылы істеген жұмыстарын қорытындылып есеп берді

Қарағанды. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық Табиғи монополияларды реттеу басқармасы бірқатар бұқаралық шаралар өткізіп, соның аясында 2007 жылы істеген жұмыстарын қорытындылып есеп берді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы мекеме табиғи монополия субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметіне 13 тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде 334 млн 494,2 мың теңге көлемінде келтірілген шығынның орнын толтыратын уақытша тарифтер енгізілді. Сондай-ақ, 9 субъектіге 4858,4 мың теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, монополистердің есептеуі мен қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша тұтынушылардың шағымдар мен арыздарын қарастыру арқылы қазіргі уақытта 14 субъектінің нормативті шығындары 17%-дан 0,29% дейін азайтылды.

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша есептеу құрылғыларымен жабдықталу - суық суды дербес есептеу құрылғысы бойынша 80%, ыстық су - 70%, газ - 81%, жылу қуатын есептейтін бір үйдің жалпы есептегіш құралы - 6% болған.

"Ыстық және суық су бойынша есептеу құралдарын орнатқанда үнемдеу 40 пайызға дейін жететінін сараптама нәтижелері көрсетіп берді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны