17.10.2016, 15:08 4063

Қашаған мұнайыныӊ бірінші партиясы экспортқа жөнелтілді

Қашаған кен орны соӊғы 40 жылда табылған әлемдегі еӊ ірі кен орны болды. Кен орныныӊ мұнай қоры 9-13 млрд баррельді құрайды.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - КҚК құбырлық жүйесіне іске қосу-баптау шеӊберінде жүргізілген жұмыстар кезінде Қашаған кен орнынан шамамен 7 700 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдыӊ бірінші партиясы жөнелтілді.

"ҚазТрансОйл" АҚ құбырлық жүйесіне 18 800 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдыӊ партиясы жөнелтілді, ал "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральді жүйесіне 22,8 млн текше метр тауарлық газ берілді", - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

Айта кетер болсақ, 2016 жылдыӊ 28 қыркүйегінде Солтүстік Каспий консорциумы теӊіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды тестілеу және іске қосу-баптау жұмыстарына кірісті.

"Қазіргі уақытта теӊіздегі және жер үсті кешеніндегі жабдықтарды іске қосу-баптау, бақылау-өлшеу аспаптарын және технологиялық процестерді басқарудыӊ автоматты жүйелерін тестілеу жалғастырылуда. Тұрақты жұмыс режиміне шығу біршама уақытты қажет етеді", - деп мәлімдеді министрлікте.

Анықтама үшін:

Қашаған кен орны соӊғы 40 жылда табылған әлемдегі еӊ ірі кен орны болды. Кен орныныӊ мұнай қоры 9-13 млрд баррельді құрайды. Өндіріс қауіпсіздігініӊ, жобалаудыӊ күрделілігі мен ерекшелігін, логистика мен қатал климаттық және экологиялық жағдайды ескергенде Қашаған әлемдегі еӊ күрделі жоба болып табылады.

"Қашаған" кен орнын игеру бірнеше кезеӊде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта "Өндірістік әзірлеме бағдарламасы" бірінші кезеӊін жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Кен орнын игерудіӊ келесі кезеӊдері жоспарлануда.

Консорциум қатысушылары: Аджип Каспиан Си Б.В. (16,807%), КННК Қазақстан Б.В. (8,333%), ЭксонМобил Қазақстан Инк. (16,807%), Инпекс Норт Каспиан Си, Лтд. (7,563%), ҚМГ Қашаған Б.В. (16,877%), Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В. (16,807%) және Тоталь ЭиП Қазақстан (16,807%). Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлімі туралы Келісімге сәйкес жүргізілетін қызмет бойынша мердігер компаниялар атынан уәкілетті оператор болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны