03.07.2009, 11:50 1218

Қашағанды тәжірибелік игеру бюджеті 1 млрд долларға қысқартылды - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Қашағанды тәжірибелік игеру бюджеті 1 млрд долларға қысқартылды - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қашағанды тәжірибелік игеру бюджеті 1 млрд долларға қысқартылды. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кеше комитет басқармаларының мәжілісі өтті, онда бюджетті қысқарту көлемі бекітілді", - деді С. Мыңбаев.

"Қосалқы бөлшектер мен басқа да жабдықтардың баға динамикасына байланысты комитет басқармалары бюджетті түзетті", - деді министр.

"Біз іс жүзінде бюджетті 1 млрд долларға қысқарттық. Бүгін 2012 жылға дейінгі, яғни, Қашағанның бірінші мұнайы шығатын кезге дейінгі тәжірибелік-жобалық жұмыстардың бюджеті бекітілді, бұл $32 млрд, оның $1 млрд қысқартылды", -деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны