21.07.2011, 12:47 2936

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау аясында алты айдың ішінде $1,2 млрд алды

"Сіздің тапсырмаңызды жүзеге асыру үшін "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы қабылданды.

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау аясында алты айдың ішінде $1,2 млрд алды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіздің тапсырмаңызды жүзеге асыру үшін "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы қабылданды. 2011 жылдың 2 шілдесіне дейін бағдарлама аясында жалпы алғанда 1,2 млрд АҚШ долларының 436 өтініші қанағаттандырылды. Бұл шағын және орта бизнес үшін аз емес. Біз Сіздің тапсырмаңыз бойынша олармен тұрақты кездесіп тұрамыз. Ирине, сұрақтар туындап жатады. Жақсартуды қажет ететін мәселелер бар. Дегенмен, бағыт-бағдар жақсы", - деп мәлімдеді К. Мәсімов 2011 жылғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны