23.07.2008, 15:39 2906

Кәсіпкерлерді тексеру санына қарай бірінші орында салық органдары тұр - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы (толық нұсқасы)

Кәсіпкерлерді тексеру санына қарай бірінші орында салық органдары тұр - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы (толық нұсқасы)

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кәсіпкерлерді тексеру санына қарай бірінші орында салық органдары тұр. Бұл туралы Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі USAID жобасының қолдауымен "Бизнес және тексерулер" республикалық қозғалысы кәсіпкерлер арасында тексеру мәселелері бойынша осы жылғы көктемде анкета толтыру нәтижесінде осындай мәлімет алынды, деді Т.Назханов.

"Барлық мемлекеттік қадағалау органдары арасынан кәсіпкерлерді ең жиі тексеретін бірнешеуі айқындалды. Бәрінен де көп тексеретіні салық органдары болғаны құпия емес. Олар 83%-бен бірінгі орынды иеленді. Екінші орында - санитарлық-эпидемилогиялық қызмет пен өрт инспекциясы, үшінгі орында - сертификаттау және стандарттау органдары, төртінші орында - қаржы полициясы", -деді вице-президент.

"Қаржы полициясы оларды тексерулер деп атамайтынын айта кету керек. Олардың бұл шарасы "оперативтік-іздестіру шарасы" деп аталады, оның шеңберінде олар кәсіпорындарды нұсқаусыз тексере береді", - деді Т. Назханов.

Ал енді тексерулер кезіндегі заң бұзушылықтарға келсек, 84 пайыз жағдайда олардың кенеттен жүргізілетіндігі, 67 пайыз жағдайларда тексеру жүргізуге ұйғарым-нұсқаманың жоқтығы атап көрсетілген.

"Тағы бір заң бұзушылық - айыппұлды сол жерде салу. Заң бойынша айыппұл төлеуге құжат толтырылуға тиіс, ол айыппұл оқиға орнында бірден алынуға әсте тиіс емес. "Жеке кәсіпкерлік туралы" заң қабылданғаннан кейін осындай құқық алған жалғыз мемлекеттік орган - ол ветеринарлық қадағалау органы. Оған сол жерде айыппұл салуға құқық берілген. Және баршасына таныс заң бұзушылық - оқиға орнында пара бопсалау. Мұндай жайтты сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 58% атаған", -деді Т.Назханов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны