05.12.2007, 16:27 3037

Кәсіпорындарды жаңартуға бағытталатын лизингтік ресурстар даму институттары арқылы беріледі

Кәсіпорындарды құрал -жабдықтарын жаңартуға бағытталатын лизингтік ресурстар даму институттары арқылы беріледі

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР 2015 жылға дейін технологиялық тұрғыда дамыту бағдарламасы аясында, қайта өңдеу саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартып дамытуға бөлінетін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы даму институттары арқылы біреледі. Бұл туралы "дөңгелек үстел " барысында ҚР индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі Қуандык Бишімбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздегі кәсіпорындардың қоры кеңес үкіметі құлағалы ауыстырылмады, сондықтан, машина жасау кәсіпорындары, қайта жөңдеу өндіріс орындары, жеңіл өнеркәсіп орындары мерзімі өтіп, көнерген құрал-жабдықтармен жұмыс істеуде", - деді Қ. Бишімбаев.

"Бұл мәселені шешу үшін біз технологиялық даму бағдарламасында кәсіпорындар үшін даму институттары арқылы жеңілдетілген пайыздық ставкамен лизинг жүйесін енгізуді белгіледік. Яғни, қайта өңдеу саласындағы өндіріс кәсіпорындарында техникалық құрал -жабдықтарды жаңартуға бағытталған арнайы лизингтің бағдарлама ашылады", - деді ол.

Қ. Бишімбаев атап өткеніндей, "Көп жағдайда кәсіпорындар үшін лизингтік немесе несиелік ресурстар құны тым жоғары және олардың кепілдікке қоятын қорлары күні бұрын көнергендіктен, біз осындай жаңа бағдарламаны дайындауды жөн көрдік. Сондықтан, біз тікелей республикалық бюджеттен қаржыландыруды жоспарлап отырмыз".

"Бұл бағдарламаның операторы Қазақстан Даму банкі және оның еншілес ұйымы - "БРК-лизинг" болады, деп толықтырды вице-министр. Ол атап өткеніндей, 2009 жылы бұл бағытта технологиялық даму бағдарламасының аясында 7 млрд теңге бөлінеді. "Бұл тым көп қаржы болмаса да, бірақ айтарлықтай септігін тигізетініне сенеміз", - деп ойын жеткізді Қ. Бишімбаев.

Осыған орай, ол бүгінгі "дөңгелек үстелдің" негізі мақсаты - "қайта өңдеу саласында істейтіндердің алдағы жылы арыздарын қабылдайтыны туралы ақпаратты жеткізу (құрал жабдықтарды жаңартудың лизингтік бағдарламасына қатысу үшін) екуенін атап өтті. Сондай-ақ, 2009 жылы бұл бағыттағы бағдарламаны іске асыру үшін нақты бюджетін көрсету керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны