02.04.2015, 21:21 4080

"ҚазАгро" Холдингі Венгрияныӊ Эксимбанкімен бірлесе Қазақстандық ауыл шаруашылық даму қорын құру бойынша жұмыс өткізуде. Қазіргі уақытта екі жақ Қордыӊ негізгі жұмыс істеу қағидаларын анықтау сұрақтарын шешті және инвестициялау шарттарын бекітетін құжатқа қол қою жоспарлануда.

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Холдингі Венгрияныӊ Эксимбанкімен бірлесе Қазақстандық ауыл шаруашылық даму қорын құру бойынша жұмыс өткізуде. Қазіргі уақытта екі жақ Қордыӊ негізгі жұмыс істеу қағидаларын анықтау сұрақтарын шешті және инвестициялау шарттарын бекітетін құжатқа қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қордыӊ қызметі келесіге бағытталған:

- Ауыл шаруашылығы саласындағы тікелей инвестициялаудыӊ алғашқы қоры - пилоттық жобаны құру жолымен Қазақстан мен Венгрия арасындағы екі жақты сауда мен ынтымақстастықты нығайту;

- Инвестролар үшін жағымды табыстылықты қалыптастыру;

- Қазақстандық ауыл шаруашылық нарығына Венгриялық және шетел білімдері мен технологияларын жеткізу;

- Қосымша инвестицияларды тарту мен көп жақты ынтымақтастықты жақсартуға мүмкіндігі бар платформа құру.

Қордыӊ мақсаты - Қазақстанныӊ агроөндірістік саласына инвестициялау болып табылады. Қордыӊ жарғылық капиталыныӊ көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрайды, Холдинг пен венгриялық жақтыӊ тараптық үлестері 50 пайыздан. Венгриялық жақтан серіктес - Венгриялық экспорттық-импорттық банк болып табылады.

Қор Қазақстанныӊ ауыл шаруашылық саласында және азық-түлік өнімдерін қайта өӊдеу саласында жұмыс істеуші компанияларға Инвестицияларды бағыттайды.

Анықтама:

"ҚазАгро" Холдингі мен Венгрияныӊ Экспорттық-импорттық банкі өткізілген келіссөздер негізінде қазақстандық-венгриялық бірлескен қор құру туралы шешім қабылдады және 2014 жылдыӊ 03 маусымында Будапешт қаласында ынтымақтастық пен өзара түсінушілік меморандумына қол қойды.

ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны