21.03.2013, 10:48 3056

"ҚазАгро" көктемгі-егіс жұмыстарына 78 млрд. теңгеден астам қаржы бөледі

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жалпы алдағы егіс науқанына және содан кейінгі өнімді жинауға холдинг 78 млрд.теңгеден астам қаржы бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 21-наурыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ұлттық холдингі 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жалпы алдағы егіс науқанына және содан кейінгі өнімді жинауға холдинг 78 млрд.теңгеден астам қаржы бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру 60 млрд.теңге сомасындағы тартылған бюджеттік несие есебінен, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының 600 млн.теңге көлеміндегі меншікті қаржысының, Азық-түлік корпорациясының мемлекеттік ресурсқа астықты көктемгі-күзгі сатып алу үшін бөлген 13,75 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа Аграрлық несие корпорациясының меншікті қаржысы есебінен Несие серіктестіктері арқылы несиелеуге 4 млрд. теңге қарастырылады",-деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта "ҚазАгро" холдингіне шаруашылықтардан жалпы 48,66 млрд.теңге сомасына 388 өтінім келіп түсті, оның 303 өтінімі Аграрлық несие корпорациясына, 85 - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына тиесілі. Қазіргі таңда жалпы сомасы 10,65 млрд.теңгенің 199 өтінімі мақұлданды.

Сонымен қатар, "ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ өткен жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыру шеңберінде Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен берілген ақша қаражатын қайтару жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны