21.07.2014, 20:46 3379

"ҚазАгро" ұлттық холдингі 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын қаржыландырады - Айтжанов

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Астана-Боттлерс" кәсіпкерлігін қаржылай қолдай отырып 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосады. Бұл туралы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Астана-Боттлерс" кәсіпкерлігін қаржылай қолдай отырып 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосады. Бұл туралы "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді.

"Астана-Боттлерс" ЖШС зауыты сүтті өңдеудің екі тетігін - табиғи және құрғақ сүт өндірісін қарастыруда. Бірінші кезеңде зауыт құрғақ сүтті қолға алмақ. Алдағы уақытта Ұлттық холдиенгтің қолдауымен 500 басқа арналған сүт-тауар фермасын құрмақ.

Ұлттық холдинг басшысының айтуынша, зауыттың қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға жетеді. Бүгінгі лек елорданың сауда желілеріне жол тартпақ. Сонымен қатар Қазақстанның батысына жөнелтілетін ірі көлемде өнім дайындалуда.

"Біздің міндетіміз - халыққа табиғи сүт ұсыну. Компания өндіріске табиғи өнімді жіберу үшін өзі сүт-тауар фермасын құру ұсынысын тастады", - дейді.

Айтжановтың айтуынша, "ҚазАгро" зауытқа 800 млн теңге несиесін алуға қаржылық қолдау көрсеткен қаржы ұйымы болып табылады.

Сонымен қатар басқарма төрағасы тауарөндіру жүйесін құру жұмыстарын жргізіп жатқанын айтты. "Біз алыпсатарлардан арылу үшін өндірушілер мен сауда желілері арасында тікелей байланыс құрамыз. Бұл кәсіпкерліктердің сауда желісіне шығуына мүмкіндік береді. Бұл тауар өнімдероін ірі көлемде сатуға да жол ашады. Біз өндіріс орындарының максималды қуаттылығына жетуі үшін барлығын жасап жатырмыз", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны