05.10.2015, 10:20 4851

"ҚазАгро" ұлттық холдингі 92,8 млрд. теӊгеге егін егу және жинау жұмыстарын қолдады.

Жалпы жылдыӊ басынан бастап 42,6 млрд.теӊге сомасына 3452 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техникалар мен жабдықтар сатып алуға шарттар жасалды, соныӊ ішінде - 303 комбайн, 1148 трактор, 1279 бірлік арнаулы техника, 60 бірлік технологиялық жабдықтар, 2 бірлік қайта өӊдеуші жабдықтар, 660 бірлік басқа техникалар.

Астана. 06 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ негізгі астық егуші аймақтарында дәнді дақылдарды жинау белсенді жүргізілуде. Биылғы жылдыӊ көктеміндегі егістік науқаны ауа-райыныӊ қолайсыз жағдайларыныӊ себептерімен біраз созылып кеткені белгілі. Бүгінде күзгі жаӊбырлар мен салқын түскенге дейін жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу аса маӊызды. Басты аграрлық шараларды сапалы әрі уақытылы өткізуге "ҚазАгро" ұлттық холдингі өз көмегін көрсетуде, ол осы кезге дейін республиканыӊ аграрлық құрылымдарын 92,8 млрд. теӊгеге қаржыландырды. Осы қаражаттардыӊ негізгі бөлігін Холдингке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 60 млрд. теӊге көлеміндегі несие қаражаты құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бюджеттік несие "ҚазАгро" ұлттық холдингімен өзініӊ еншілес ұйымдарыныӊ ("Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ) және екінші деӊгейлі банктердіӊ (ЕДБ) арасында бөлінген. Қаражаттыӊ мақсатты орны:

- кейіннен агроөнеокәсіптік кешен субъектілерін несиелеу үшін, соныӊ ішінде көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу мақсатында айналым қаражатын толықтыру; ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру арқылы кейіннен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру;

- Шарттыӊ жолыныӊ 1) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға кейіннен ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қаржыландыру үшін несие серіктестіктерін несиелеу.

- ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды жүзеге асыру арқылы кейіннен ауылшаруашылық тауарөндірушілерін қаржыландыру, соныӊ ішінде бидай мен арпаны форвардтық сатып алу арқылы.

Бүгінгі күні осы қаражаттарды игеру шамамен 59 млрд.теӊгені немесе шамамен жоспардыӊ 98%-ын құрады. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ 2 251 өтінімі қаржыландырылды.

ЕДБ арқылы агробизнесті қорландыру құралы "ҚазАгро" ұлттық холдингімен өткен жылғы сияқты фермерлердіӊ қаржыландыруға қолжетімділігін кеӊейту мақсатында қолданылды. Банктердіӊ бағдарламаға қатысу саны 2014 жылмен салыстырғанда 4-тен 8-ге дейін екі есеге өскенін атап өту қажет. Олар бойынша қаржыландырудыӊ жалпы көлемі 33,5 млрд. теӊгені құрайды. Бүгінгі таӊда 100% қаражат игерілген.

Бюджеттік несиеден басқа, "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниялары меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырды. Мысалы, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - "Егінжай" бағдарламасы бойынша, "Аграрлық несие корпорациясы" - Несие серіктестіктері жүйесі арқылы, "ҚазАгроҚаржы" АҚ - ауылшаруашылық техникасыныӊ лизингі бағдарламасы бойынша.

Аграрларға егін жинау науқанын уақытылы жүргізу үшін көмек ретінде "ҚазАгроҚаржы" желісі бойынша ауыл тұрғындарыныӊ отандық өндіріс комбайндарын жеӊілдікті сатып алу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% көлеміндегі аванстық төлем мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарту арқылы 7 жыл мерзімді көздейді. Ауа-райы жағдайларыныӊ мүмкін бұзылып кету қаупін ескере отырып, ұқсас жағдайлар дән тазалағыш және дәнді кептіргіш жабдықтарды лизингке сатып алу үшін көзделген.

Жалпы жылдыӊ басынан бастап 42,6 млрд.теӊге сомасына 3452 бірлік ауылшаруашылық және арнаулы техникалар мен жабдықтар сатып алуға шарттар жасалды, соныӊ ішінде - 303 комбайн, 1148 трактор, 1279 бірлік арнаулы техника, 60 бірлік технологиялық жабдықтар, 2 бірлік қайта өӊдеуші жабдықтар, 660 бірлік басқа техникалар.

Астық сақтау қуаттылығын кеӊейту мақсатында "ҚазАгро" ұлттық холдингі астық қоймаларын салу және жаӊартуға өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асырады. 2014 жылы сақтау сыйымдылығы 76,5 мыӊ тонна қуаттылықты құру/кеӊейту бойынша 5 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы 200 мыӊ тоннадан кем емес сақтау қуаттылығын пайдалануға беру жоспарланады, қуаттылығы 422 мыӊ тонна жобалар іске асырылу сатысында.

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны