31.07.2008, 16:43 5673

"ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда

"ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда

Астана. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҚазАгроФинанс" 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда, оның 24 млрд теңгесі түрлі ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады.

"ҚазАгроФинанс" АҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде ауылшаруашлыығының тауар өндірушілерінен қажетті астық жинау техникасын сатып алуға қаржы бөлу жөніндегі өтініштер қабылдануда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында 103 техникаға, СҚО - - 123, Ақмола облысында - 316, Ақтөбе облысында - 46 техникаға сұраныс түсті. Атап айтсақ, биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау техникасын қаржыландыруда компанияның үлесі 49%, ал Ақтөбе облысында - 96% болды.

Алдағы орақ науқанына орай "ҚазАгроФинанс" желісімен 700-ден астам комбайн алуға шарт жасалды. Уағдаластыққа сәйкес, Ресейдің "Ростсельмаш" компаниясы Қазақстанға 500 комбайн, Германияның CLAAS - 100 комбайн жеткізеді.

Жалпы 2000 - 2007 жылдар аралығында "ҚазАгроФинанс" 4137 комбайн сатып алуға қаржы бөлді. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенге жалпы 82,2 млрд теңгеге 12 мың техника жеткізілді.

"ҚазАгроФинанс"АҚ - компаниясы үкіметтің қаулысымен 1999 жылы құрылды. Компанияның 100 пайыз акциясы мемлекеттің еншісінде. "ҚазАгроФинанстың" негізгі мақсаты- республиканың аграрлық секторын қолдау, оны дамытуды ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол жеткізуі есебінен және лизингтік негізде технологиялық жабдықтар мен ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. 2007 жылдың сәуір айынан бастап "ҚазАгро" Ұлттық компанияның құрамына кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны