28.03.2013, 13:49 4842

"ҚазАгроҚаржы" егіс жұмыстарына отандық ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға ниетті

Ағымдағы жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық өндірістегі тұқым сепкіштің бір тобын сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне лизингке табыстауды жоспарлап отыр, деп хабарлады "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - "ҚазАгроҚаржы" егіс жұмыстарына отандық ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға ниетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық өндірістегі тұқым сепкіштің бір тобын сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне лизингке табыстауды жоспарлап отыр, деп хабарлады "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі.

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысында "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ "АгромашХолдинг" қазақстандық кәсіпорынынан отандық өндірістің тұқым сепкіштер жиынын сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне лизингке табыстауды жоспарлап отыр", - делінген холдинг хабарламасында.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы "АгромашХолдинг" АҚ 600 бірлік астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайн жасап шығармақ жоспары бар, оның 200 астамы "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы сатылатыны атап өтілген.

Жалпы 2010 жылдан бастап, көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ "АгромашХолдинг" акционерлік қоғамынан барлығы 198 бірлік тұқым сепкіш сатып алған. Жалпы алғанда 2007-2012 жылдар ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ лизингке табыстау үшін, "АгромашХолдинг" АҚ өнеркәсіптік кәсіпорынынан 1 000 жуық әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Бүгінгі таңда көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамына республиканың агроқұрылымдарынан жалпы құны 10 млрд. астам теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникалар мен оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алуға 1094 өтінім келіп түсті. Тиісті шарттар қазақстандық өндірушілермен және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілермен ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасасылды.

Ағымдағы жылы енгізілген субсидиялау тәртібіне сәйкес, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отырғанын айта кеткен жөн.

Сөйтіп, "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставканың мөлшері субсидиялануын бірге есепке алғанда, жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды. Субсидия берілу мерзімі оны 7 жылға дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен - 3 жыл.

Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына алдағы егін егу науқанына көмек ретінде "ҚазАгро" ұлттық холдингі жалпы шамамен 74,3 млрд.теңге бағыттауға ниетті. Республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына арналған қаражат холдингтің еншілес компаниялары - "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ желісі бойынша бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны