05.06.2008, 19:07 2824

Қазақ банктері 2008 жылы несие ретінде алған $9,9 млрд қарызын өтеулері керек

Қазақ банктері 2008 жылы несие ретінде алған $9,9 млрд қарызын өтеулері керек

Бішкек. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ банктері 2008 жылы батыстың қаржы нарығында несие ретінде алған $9,9 млрд қарызын қайтарулары керек. Бұл туралы қаржы нарығы жөніндегі конференциясында Қырғызстанның инвестициялық несиелік банкінің төрағасы Кванг Йанг Чой мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

2009 жылы қазақ банктері $5,6 млрд көлемінде несие қарызын қайтаруы керек, ал 2010 жылы $4,1 млрд мөлшерінде берешегін өтеулері тиіс. Жалпы қарыз мөлшері $22 млрд ақшаны құрайды. "Бұл қомақты қаржы. Бұл саладағы жағдай Қырғызстанның экономикасына да әсерін тигізеді ", - деп атап өтті Қырғызстанның инвестициялық несиелік банкінің төрағасы.

Ол хабарлағанындай, Қырғызстан Республикасының банк секторының жалпы капиталындағы қазақ банктерінің қаржы бөлігі 45 пайызды құрайды.

Кванг Йанг Чойдың пікірі бойынша, несиені қайтаруға Қазақстанның Ұлттық банкі өз ықпалын тигізе алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны