18.01.2007, 17:47 2836

Қазақстан 2007 жылы 7 мың тоннаға жуық уран өндіруді жоспарлап отыр

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан 2007 жылы 7 мың тоннаға жуық уран өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгінгі алқа отырысында Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007 жылы 6937 тонна уран өндіру жоспарланып отыр, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 31 пайызға артық",- деді Б. Ізмұхамбетов. Ол өткен жылы Қазақстан Республикасында 5279 тонна уран өндірілгенін, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға артық екендігін атап өтті.

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ басшысы Мұхтар Жәкішев, еліміз 2010 жылға дейін жылына 18 мың тонна уран өндіру деңгейіне жетуді жоспарлап отырғандығын айтты. Бұл көрсеткіш жалпы әлемдік уран өндірудің 30 пайызын құрайды. Ол Қазақстанның уран өндіру және қайта өңдеуде Ресей, Қытай (алдағы бірнеше жылда 30 атомдық реакторларды іске қосуды көздеп отырған), Жапония, Франция, сондай-ақ, АҚШ және Канадамен ынтымақтастықа басымдық береді деп санайды. "Қазақатомөнеркәсібі" 2015 жылы нарыққа 1200 тонна уран шығаруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны