23.02.2009, 13:26 1301

Қазақстан 2009 жылы уран өндіру көлемін 11,9 мың тоннаға дейін жеткізбекші

Қазақстан 2009 жылы уран өндіру көлемін 11,9 мың тоннаға дейін жеткізбекші

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2009 жылы уран өндіру көлемін 11,9 мың тоннаға дейін жеткізбекші. Бұл туралы бүгін үкіметтік сағатта мәжіліс депутаттары алдында баяндама жасаған ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылы уран өндіру көлемін 40% ұлғайтып, 11,9 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда", -деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2008 жылы 8,512 мың тонна уран өндірілген, бұл 2007 жылғыдан 29% артық.

Министр сонымен бірге өзі басқаратын мекеме атом энергетикасы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі басты бағыттарының жобасын жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны