24.04.2009, 15:09 3423

Қазақстан әскери және азаматтық кеме жасау саласын дамытпақ ниетте - "Қазақстан инжиниринг"

Қазақстан әскери және азаматтық кеме жасау саласын дамытпақ ниетте - "Қазақстан инжиниринг"

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан әскери және азаматтық кеме жасау саласын дамытпақ ниетте. Бұл туралы "Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ басқармаларының төрағасы Аюхан Ноғаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі стратегиялық мақсаттарды одан әрі шешу мен теңіздегі төтенше жағдайлардың алдын алу міндетін шешу қажеттігін ескере отырып біз "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы үкіметтің 2010-2015 жылдарға арналған әскери кемелер жасау бағдарламасын бекітуіне бастама көтермекпіз. Бұл Қазақстанда жаңадан құрылып жатқан кеме жасау саласын дамытуға серпін береді деп ойлаймыз. Бағдарламаның жобасы жасалған, қазір ол үкіметтің қарауында ", - деді А. Ноғаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны