05.09.2012, 15:19 3336

Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтінгісі бойынша өз позициясын 21 сатыға көтерді

Өткен жылмен салыстырғанда аталған рейтингтегі Қазақстанның позициясы 21 пунктіге көтерілді, деп хабарлады pm.kz сайты.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форум өткізетін жыл сайынғы Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісінде әлемдегі 144 елдің арасында 51-орынға ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен жылмен салыстырғанда аталған рейтингтегі Қазақстанның позициясы 21 пунктіге көтерілді, деп хабарлады pm.kz сайты.

Ұсынылған есепке қарағанда, 2011-2012 жылдары Қазақстан БЭФ рейтингісінде 72 орында болған. Енді, бір жыл ішінде ұлттық экономиканың рейтингісі 21 позицияға көтеріліп, 51 орынға ие болды.

"Қазақстан бірнеше жыл бұрын иеленген 51 орынға қайтып оралды. Бұл прогресс бірнеше саладағы жағдайдың оңалуымен түсіндіріледі. Елдің басты артықшылығы - макроэкономикалық тұрақтылығында, бұл көрсеткіш бойынша ел 16 орында тұр. Бұдан басқа, технологиялық дайындық бойынша 87 қатардан 55-ке дейін көтерілген. Алайда, едәуір алға жылжушылыққа қарамастан, елдің әлі де денсаулық сақтау мен бастауыш білім беру (99-орын), бизнесті дамыту (103-орын) бойынша біраз мәселелерді шешуі қажет", - делінген БЭФ есебінде.

ТМД елдері арасында бәсекеге қабылеттілік индексі бойынша Изірбайжан - 46 орында, Ресей Федерациясы - 67 орында, Украина - 73 орында, Тәжікстан - 100 орында, Қырғызстан - 127 орында тұр.

Сонымен қатар, анағұрлым бәсекеге қабылетті экономикалардың ондығына кірген Швейцария - 1 орында, Сингапур - 2 орында, Финляндия - 3 орында, Швеция - 4 орында, Нидерланды - 5 орында, Германия - 6 орында, АҚШ - 7 орында,Ұлыбритания - 8 орында. Гонконг - 9 орында және Жапония - 10 орында тұр.

Жаһандық бәсекеге қабылеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) - бұл жаһандық зерттеу және ұлттық экономиканың бәсекеге қабылеттілігі көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингісі. Аталған рейтингті Бүкіләлемдік экономикалық форумның талдаушылары жыл сайын өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны