29.05.2009, 17:33 2888

Қазақстан ешбір мемлекет сатып алмайтын қылшықты жүнді қойдан биязы жүнді қойға ауысуы керек - Күрішбаев

Қазақстан ешбір мемлекет сатып алмайтын қылшықты жүнді қойдан биязы жүнді қойға ауысуы керек - Күрішбаев

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ешбір мемлекет сатып алмайтын қылшықты жүнді қойдан биязы жүнді қойға ауысуы керек. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев кеше Шығыс Қазақстан облысына сапары кезіндегі кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз биязы жүнді қолға алуымыз керек. Кеңес үкіметі кезінде қойдың 50 пайызы биязы жүнді болатын. Сонда бұл қой шаруашылығы өте жақсы көтеретін болады. Қазір 50 пайыздан 15 пайызға бірақ түстік. Қазіргі кезде қойлардың барлығы қылшықты жүнді. Ондай қойдың жүндерін ешқандай мемлекеттер сатып алмайды. Ал егер биязы жүнді қойға ауысатын болсақ, сұраныс көбейеді. Қытайда, Ресейде, Европада қазір биязы жүнге өте сұраныс көп",- деді А.Күрішбаев.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, басымдықтағы инвестициялық бағыттарды қаржыландыру шеңберінде қазіргі уақытта мынадай бағыттар бойынша Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылық субъектілерінің өтінімдері мақұлданды: ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру өндірісін ұйымдастыру, көкөністерді сақтау қоймаларын құру, құс фабрикасын және жылыжайлар құру.

Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың Шығыс Қазақстан облысына арналған жұмыс сапары бүгін Шемонаиха ауданы мен Семей қаласында жалғасады. Ол жерде Ауыл шаруашылығы басшысы жасыл желекті "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватын өрт пен заңсыз ағаш кесуден сақтау және орманды қайта қалпына келтіру жөнінде облыс әкімдері мен құқық қорғау орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны