10.12.2013, 19:00 3606

Қазақстан еті Иранға экспортталады

Бүгінде облыста екі жарым миллионнан астам қой мен төрт жүз мыңға жуық ірі қара мал бар. Алайда бұл жеткіліксіз. Сондықтан ірі қара мал елдің басқа аймақтарынан да сатып алынатын болады. Бұл зауыттың эскпорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін береді. Тағы бір айта кетерлігі, Мойынқұм мен Талас аудандарында қой шаруашылығы жандандырылады.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Жақында Қазақстан мен Иран компаниялары және Жамбыл облысының әкімдігі қол қойған ынтымақтастық пен экспорт туралы келісімдер аясында аймақта жаңа ет өңдейтін кешен ашылды, деп хабарлайды Вnews.kz

Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған кешенде "Халал" стандарты бойынша өнім шығарылып, Иранға тасымалданады.

Бүгінде облыста екі жарым миллионнан астам қой мен төрт жүз мыңға жуық ірі қара мал бар. Алайда бұл жеткіліксіз. Сондықтан ірі қара мал елдің басқа аймақтарынан да сатып алынатын болады. Бұл зауыттың эскпорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге серпін береді. Тағы бір айта кетерлігі, Мойынқұм мен Талас аудандарында қой шаруашылығы жандандырылады.

Жаңа өндірістің ашылуына ынтымақтастық пен экспорт туралы келісімдердің қабылдануы себеп болды. Облыс әкімдігі, Қазақстан мен Иран компаниялары аталмыш келісімдерге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына сапары кезінде қол қойған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны