26.02.2008, 13:59 2772

Қазақстан газ өндіруді 2007 жылы 29,6 млрд текше метрден 2020 жылы 114 млрд текше метрге жеткізбекші

Қазақстан газ өндіруді 2007 жылы 29,6 млрд текше метрден 2020 жылы 114 млрд текше метрге жеткізбекші

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан газ өндіруді 2007 жылы 29,6 млрд текше метрден 2020 жылы 114 млрд текше метрге жеткізбекші. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында сөз сөйлеген "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ

президенті Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Болжамға сәйкес, шикі газ өндіру көлемі ұлғая түспек", - деді Ұ. Қарабалин. Оның мәліметінше, тауарлық газ өндірісі "2007 жылы 12,9 млрд текше метрден 2020 жылы 30 млрд текше метрге жетеді". Ал Қазақстандағы газ тұтыну көлемі 2007 жылы 13,3 млрд текше метрден 2020 жылы 18,7 млрд текше метрге жетпек".

Еліміздің оңтүстік өңірлерінің сырттан әкелінетін газға тәуелділігін азайту үшін 2011 жылы Бейнеу - Бозой - Самсоновка газ құбырының жылына 5 млрд текше мерлік қуаты бар бірінші кезегі пайдалануға беріледі.

"Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің газға деген сұранысын қамтамасыз ететін ресурстық базасы - Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ірі газ кеніштері, сондай-ақ, Каспий қайраңының Қазақстан мен Түрікменстанға қарасты секторларының келешек ресурстары болмақ", - деді Ұ. Қарабалин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны