28.12.2013, 20:28 3414

"Қазақстан инжиниринг" компаниясы 2013 жылы 2 инвестжобаны іске қосты

"Жалпы компания тобы бойынша соңғы 3 жыл ішінде инвестиция көлемі 25 млрд теңгеге жеткен. Ал инвестиция трансферті 200 млн доллардан асты. Компаниялар тобындағы ғылыми зерттеулерге шамамен 80 млн теңге жұмсалды. Соңғы 3 жылда компания республикалық бюджетке 16,5 млн теңге салық төлеген", - деді басқарма төрағасы.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. "Қазақстан инжиниринг" компаниясы тарапынан 2013 жылы 2 инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі.

"Биыл біз екі инвестициялық жобаны іске қостық, біріншісі - "Қазақстан Aselsan инжиниринг" электрондық-оптикалық құрылғылар зауыты, екіншісі - "Семей инжиниринг" АҚ жаңғырту жұмысы. Екі кәсіпкерлік те елдің айналым қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деді бүгінгі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ кеңейтілген отырысы барысында компанияның басқарма төрағасы Болат Смағұлов.

Сонымен қатар, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің "Тұрақты" рейтингі бойынша "Қазақстан инжиниринг" тұрақты өсім көрсеткені айтылады.

"Жалпы компания тобы бойынша соңғы 3 жыл ішінде инвестиция көлемі 25 млрд теңгеге жеткен. Ал инвестиция трансферті 200 млн доллардан асты. Компаниялар тобындағы ғылыми зерттеулерге шамамен 80 млн теңге жұмсалды. Соңғы 3 жылда компания республикалық бюджетке 16,5 млн теңге салық төлеген", - деді басқарма төрағасы.

Кеңесте 2014 жылы компанияның азаматтық машина құрылысы кәсіпкерлігі "Тенгизшевройлдың" болашақтағы кеңейтілуін қамтамасыз етуге қатысатыны айтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны