09.07.2018, 20:51 4406

Қазақстан қалаларында алғашқы "жасыл" жобалар жүзеге асырыла бастайды

Іс-шара аясында министрлік осы Келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге "жасыл" сертификаттар тапсырды.

Астана. 9 шілде. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасыныӊ қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұған дейін жасалған Келісім шеӊберінде баспасөз мәжілісі өтті. Іс-шара аясында министрлік осы Келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге "жасыл" сертификаттар тапсырды.

Баспасөз мәжілісіне "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Дәулет Ибілқайыров, ҚРИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетініӊ төрағасыныӊ орынбасары Тимур Нұрашев,Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму Бағдарламасыныӊ үйлестірушісі Виктория Байгазина, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетініӊ өкілдері мен БҰҰДБ сарапшылары мен менеджерлері қатысты

"Төмен көмертекті дамуға арналған тұрақты қалалар" секілді өзекті жобаларды жүзеге асыру - үлкен және шағын қалалардағы тұрақтылықты сақтап, энерготиімді қала инфрақұрылымына инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанныӊ ІЖӨ-ніӊ энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттерді орындап, "жасыл" экономикаға өтуіне де ықпал етеді", - деді Т. Нұрашев.

"Қала шаруашылығы саласында энергоүнемдеу бағытында еӊбек ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық несиелерініӊ пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру арқылы қолдау көрсетіледі. Яғни инвестиция тарту арқылы булы газ тарауын азайтуға сеп болады. Бұл жоба тек бизнестіӊ дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаныӊ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құнды үлес қосады", - деді Д. Ибілқайыров.

В. Байгазинаныӊ айтуынша, "Энергия үнемдейтін жобалар секторында мол өндірістік тәжірибесі бар мамандарды, сондай-ақ қажетті процестерді сынақтан өткізу және құру және сауатты ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды тарту энергияны тұтынуды азайтады және булы газдар тарауын қысқартады. Яғни, осындай жобаларды іске асырудыӊ негізгі мақсаты болып саналады".

2018 жылдыӊ бірінші тоқсаны соӊында Астана және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ ғимараттарында энергия тұтынуды азайтуға бағытталған алғашқы алты жоба мақұлданды.

Жобалардыӊ бірі - "Transport Tower" әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратыныӊ жарықтандыру жүйесін жаӊғырту және пайдалану" мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы. Оныӊ аясында министрлік ғимаратыныӊ жарықтандыруын жаӊғырту жоспарланған.

Естеріӊізге сала кетейік, төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасы/"Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар" жаһандық экологиялық қорыныӊ халықаралық жобасы шеӊберінде әзірленді.

"Даму" Қоры - бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ тиесілі. "Даму" Қорыныӊ міндеті - ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. Баспасөз қызметініӊ тел.: +7 (727) 2445566 (ішкі 1042) сайт: www.damu.kz

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны