29.12.2007, 12:03 3042

Қазақстан қор биржасының индексі 28-желтоқсанда 2,6 пайызға - 2596,08-ге дейін өсті

Алматы. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы акциялар саудасының қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының индексі 2007 жылдың 28 желтоқсанында 66,1 пунктке (2,6 пайызға) 2529,98-ден 2596,08 дейін өсті, деп хабарлайды агенттік.

Биржа ақпаратына сәйкес, күннің бірінші саудасы индекс мәнін 2579,83 деңгейінде белгіледі. Сауда-саттық барысында индекстің ең жоғары мәні 2601,66, ең төменгі мәні - 2553,40 құрады.

Индекстің құрметті тізіміне енгізілген акциялар бойынша 28 желтоқсанда оның алдындағы сауда-саттық күнімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі теңге эквивалентімен 1,9 есеге көтеріліп, 1206,8 млн теңге, немесе 10 млн 010,4 мың АҚШ долларын құрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 14 қарашасына есептелген түзету коэффициенті free float өзгерісіне байланысты "АТФБанк" АҚ акциялары бойынша 1,2409464 құрады.

Осы орайда еске салсақ, Қазақстан қор биржасындағы қандайбір күнгі индекс мәні ретінде Қазақстан қор биржасында сол күні тіркелген соңғы индекс мәні қабылданады.

Қазақстан қор биржасының индексі оның құрметті тізіміне енгізілген акциялардың бағасының өзгерісін көрсетеді. Тізімге қамтуда акция эмитенттерінің капитал деңгейі мен еркін айналымдағы (free float) акциялардың үлесі ескеріледі. Бұл ретте бір атаулы акцияның бағамының индекс мәніне әсері 15%-дан аспайды.

Қазақстан қор биржасының индексі әрбір сауда-саттықтан кейін есептеледі. Қандайбір атаулы акциямен сауда-саттық жүргізілмеген жағдайда индекс есептелетін күні осы атаудағы акцияның соңғы нәтижелі сауда-саттығының бағасы пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны