09.11.2006, 13:29 3115

Қазақстан мен Иордания бірлескен экономикалық комиссия құрмақшы

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Иордания бірлескен экономикалық комиссия құрмақшы. Бұл туралы бүгін Иордания Хашимиттер Корольдігінің премьер-министрі Мааруф Бахит Елбасымен кездесуден кейін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бірлескен экономикалық комиссия құруға келістік. Оның бірінші отырысын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарына дейін өткізу межеленді",- деді М.Бахит.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы талқыланды, деді Иордания үкімет басшысы. "Өкінішке орай, екі елдің тауар айналымы мардымсыз. Қазақстан мемлекет басшысымен екі ел арасында еркін сауда-саттық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Иордания Қазақстанмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтпақшы", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны