24.07.2012, 13:08 3138

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы қаңтар-мамыр айларында 29,8 пайызға өскен

Өткен жылдармен салыстырған ағымдағы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастығының айтарлық өсім көрсеткіші байқалады.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы қаңтар-мамыр айларында 29,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен жылдармен салыстырған ағымдағы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастығының айтарлық өсім көрсеткіші байқалады.

Бүгін елордада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комитеті сауда-ынтымақтастық комитетінің 6-шы отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлім етті, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 012 жылдың қаңтар-мамырында 8 млрд. 730 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,8 пайыз өсім көрсетті", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қытай еліне жөнелткен экспорты осы жылдың қаңтар-мамырында 6 млрд. 144 млн. АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған 36 пайызға немесе 5 млрд. 185 млн. долларға артық. Қазақстан көрші елге шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуде. Сонымен қатар темір кенін, мыс, ферроқорытпалар экспорттауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны