03.08.2006, 16:06 3286

Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы жүк тасымалының көлемі 2015 жылы 20 млн. тоннаға жетеді- болжам

АЛМАТЫ. 3-тамыз.Кazakhstan Today. Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол арқылы жүк тасымалы 2015-жылы 18-20 млн. тоннаға жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР және РФ темір жол көліктеріне реформа жүргізу жөнінде өткен баспасөз мәслихаты барысында "Қазақстан темір жолы ҰҚ" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Нығметжан Есенғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Кazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н.Есенғарин Қытаймен арадағы жүк тасымалы жедел өсіп жатқанын айтады. Өткен жылдың қортындысы бойынша, көрсеткіш 11млн. тоннаны құрайды, "биыл темір жолшылар 14 млн. тонна жүк тасымалдауды көздеп отыр". "Бұл өте үлкен көлем, себебі халықаралық жолдағы жұмыс өте ауыр, арбаларды алмастырып , жүктерді бір вагоннан екінші вагонға ауыстыру қажет",- деп атап өтті Н.Есенғарин.

Ғалымның айтуынша, "үлкен жұмыс талап ететін бірқатар мәселе бар". Нақтырақ айтсақ, қазіргі кезде екі ел арасындағы жүк көбінесе Қазақстаннан Қытайға қарай жөнелтіледі. Өткен жылы тасымалданған 11 млн. тонна жүктің шамамен 1,8 млн. тоннасы Қытайдан келген, қалғаны біздің тараптан. Сол жаққа жіберілетін біздің шикізат өнімдеріміздің көлемі әзірге басымырақ",- дейді Н.Есенғарин.

"1988 - 1989 жылдары осы жолды жоспарлағанда біздің мақсатымыз керісінше еді",- деді ол. "Біздің және халықаралық болжамға сәйкес, шамамен 2015 жылы біз жүк тасымалының көлемін 18-20 млн. тоннаға, , ал 2020 жылы кем дегенде 25 млн. тоннаға жеткізуіміз керек",-деп атап өтті Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының басшысы. "Бірақ бұл сандар шамалап алынған, жүк көлемі одан да көп болуы мүмкін,"-дейді сарапшы.

Алайда, Н.Есенғариннің айтуынша, "көптен айтылып жүрген жүктеріміздің алысқа тасымалдау әзірге арман күйінде қалып отыр". Еуропадан Қытайға "Достық" арқылы жүк тасымалду әлі жүзеге асқан жоқ. Изірге бұл жол Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар тасымалы мен Ресей және Орталық Азия елдерінің жүктерімен толтырылған. Жүк көлемі жылдам өсуде. Жыл сайын өсім 15-20% құрайды, дейді Н. Есенғарин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны