05.10.2011, 15:25 4511

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бірінші жарты жылдықта 55 пайызға өскен

Қазіргі сатыда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар қарқынды дамып келе жатыр. Оған достық және сыйластық қарым қатынастар, мәдениет пен тілдің, менталитеттің үндестігі мен ортақ тарихи мұра өз ықпалын тигізіп отыр, деп түсіндірді Б.Жексембин.

Ташкент. 5-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы бірінші жарты жылдықта 55 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Өзбекстан астанасында қазақстандық өнімнің тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде Өзбекстандағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин хабарлады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі сатыда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар қарқынды дамып келе жатыр. Оған достық және сыйластық қарым қатынастар, мәдениет пен тілдің, менталитеттің үндестігі мен ортақ тарихи мұра өз ықпалын тигізіп отыр. Байланыстардың өте жоғары деңгейде дамуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылдың мамырында Ташкентке жасаған ресми сапары өз әсерін тигізді. Оның барысында екі мемлекет үшін де маңызы зор бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп түсіндірді Б.Жексембин.

"Сауда саласындағы байланыстар да қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстан Өзбекстанның Ресейден кейінгі ірі сауда әріптесі болып табылады. 2011 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында біздің елдер арасындағы сыртқы тауар айналымы 1 млрд. АҚШ долларынан асты. Өткен жылы жылдық айналым шамамен 2 млрд. доллар болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үстіміздегі жылы көрсеткіш 55 пайызға немесе 410 млн. АҚШ долларына өсті", - деп атап өтті елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны