16.03.2007, 13:13 3125

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі

АСТАНА. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жеткен. Бұл туралы РФ өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағаларының кездесуінен кейін өткен брифинге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2006-жылдың қорытындысы бойынша 13 млрд долларға жетті",- деді В.Христенко.

"Біздің өзара экономикалық қарым-қатынасымыз тек сауда-саттықпен, мұнай және газбен ғана шектеліп қалмай, оған жоғары технологиялар мен машина-техникалық өнімдер секілді жаңа салалардың да тартылуы бізді қуантады. Өзара экономикалық ықпалдастығымыздың аясы сауда-саттықтан гөрі кеңейіп, ғылыми және техникалық тұрғыдан байи түсті",- деді ол.

В.Христенконың хабарлауынша, өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Мәскеуде өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны