19.06.2008, 10:17 1490

Қазақстан мен Ресей білікті мамандарға аса мұқтаж - сарапшылар

Қазақстан мен Ресей білікті мамандарға аса мұқтаж - сарапшылар

Мәскеу. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресей білікті мамандарға аса мұқтаж. Мәскеу қаласында болған "Ресей мен Қазақстан: адами факторға инвестиция инновациялық секірістің талабы ретінде" атты дөңгелек үстелге қатысқандар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз қаржы немесе ресурстардың емес, білікті мамандардың жетіспеушілігінің зардабын көбірек тартып отырмыз. Бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де өзекті мәселе", - деп ескертті ТМД елдері институтының директорының орынбасары Владимир Жарихин. Оның пайымдауынша, проблема санда емес, сапада болып отыр. "Халыққа білім беру сапасына көңіл бөлу керек", - деп атап көрсетті В. Жарихин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны