20.09.2012, 13:27 2956

Қазақстан мен Ресей ҚР-на мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы хаттамаға қол қойды

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел президенттерінің қатысуымен ҚР және РФ министрлері арасында бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы IX форумының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел президенттерінің қатысуымен ҚР және РФ министрлері арасында бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды

Атап айтқанда, екіжақты құжаттарға қол қою рәсімінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Сергей Донской ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен РФ Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы киіктердің Жайық-Еділдегі топтамасын қорғау, өсіру және қолдау келісіміне қол қойды.

ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен РФ Энергетика министрі Александр Новак ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы ҚР-на мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамасына қол қойды.

Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында өнеркәсіптік апаттардың, зілзаланың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың салдарын жою туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімге хаттамаға қол қойылды. Апаттық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының мемлекеттік шекаралардан өтуін оңайлату тәртібі туралы осы хаттамаға Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі министрі Владимир Пучков қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны