28.11.2006, 18:35 2646

Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2015 жылға дейін осыған дейін межелегендей жылына 150 емес, 130 млн тоннаға жеткізетін болып жоспарлап отыр

АСТАНА. 28 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан мұнай өндіру көлемін 2015 жылға дейін осыған дейін межелегендей жылына 150 емес, 130 млн тоннаға жеткізетін болып жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін үкімет мәжілісінде ҚР энергетика және миниралды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп Kazakhstan Today агенттігі хабарлайды.

"Біз 2010 жылға дейін мұнай өндіру көлемін 90 млн тоннаға дейін нақты жеткізбекпіз. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игеру бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін шикізат өндіруді 130 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз",-деп хабарлады министр.

Ал үкімет басшысы Даниал Ахметов Каспий қайраңын игеру қарқынын сынға алды. "Біз мұнай өндіру көлемі жағынан бағдарламалық мақсатты іске асыруды кешеуілдетіп жатқанымыз белгілі. Бұл Қазақстанға қатысты себептерден болмауы да мүмкін. Дегенмен, біз тиісті шара қолдануымыз қажет,-деді үкімет басшысы.

"Бірінші бағдарламаға сәйкес Қашағанда алғашқы мұнай 2006 жылы өндірілуге тиіс болған. Енді оның уақыты 2009 жылға қалдырылып отыр. Соған қарасақ, біздің 2010-2012 жылдары мұнай өндіру көлемін 120 млн тоннаға, ал 2015 жылға дейін 150 млн тоннаға жеткіземіз деген жоспарымыз күмән тудырады",-деп баса айтты Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны