04.12.2009, 18:02 3488

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды мұнайхимиялық кешен құруға атсалысуға шақырды

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды мұнайхимиялық кешен құруға атсалысуға шақырды

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды Қазақстанда ірі мұнайхимиялық кешен құруға атсалысуға шақырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз қазір газдың өңделуін, Қазақстанда да сіздермен бірлесе отырып үкіметтің қаражатына ірі мұнайхимиялық кешен құрылуын қалаймыз", - деді Н. Назарбаев.

"Қазақстанда индустрияның осы саласын құрайық. Бұл Қазақстанға бірінші кезекте қажетті индустрияның бірі. Қазір ол басы ашық мәселе. Онымен сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шағын және орта бизнес айналыса алады", - деді президент.

"Кәсіпорын сіздерге тиесілі болады, ал табысы ортақ болмақ", - деді ол.

Сонымен бірге мемлекет басшысы металлургия саласында "өңдеудің бірінші деңгейінен 3-ші және 4-ші деңгейіне көшу, яғни, дайын металл мен олардан өнімдер өндіре бастауға ден қою" міндетін қойды.

"Менің тапсырмам бойынша үкімет бұл іспен шындап айналысып, сіздермен бірлесе жұмыстар атқаратын болады. Мен сіздерден қолдау күтемін", - деді президент мәжіліске қатысушыларға.

Бұған қоса мемлекет басшысы Қазақстанда күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісін құру қажет деп санайды. "Қазақстанда күкірт жеткілікті, біз оны қайда жіберуді білмей отырмыз. Суперфосфат өндірісі баршамызға табыс әкелетін түрі бар", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің бағалауынша, елде химия өнеркәсібін дамытуға қажеттінің бәрі бар: "күкірт бар, фосфор бар, азот та газда бар, ал осы күрделі тыңайтқыштар бізге қазір өте қажет".

Н. Назарбаевтың айтуынша, жуырдағы Беларусь Республикасына сапары кезінде Кедендік одақ мемлекет басшылары "осындай күрделі тыңайтқыш өндіретін аса ірі бірлескен кәсіпорын құруға келісті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны