04.02.2013, 15:07 3215

Қазақстан Ресейдің жанар-жағармайының импортына тиым салмайды

"Тиым салынбайды. Біз Ресей мұнай өнімдерінің жеткізілуіне қызығушылық танытудамыз", - деді С. Мыңбаев.

Астана. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Ресейдің жанар-жағармайының импортына тиым салмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Ресми өкілінің брифингі барысында мәлім етті.

"Тиым салынбайды. Біз Ресей мұнай өнімдерінің жеткізілуіне қызығушылық танытудамыз", - деді С. Мыңбаев.

Сонымен қатар ол жеткізуді реттеу мүмкіндігінің бар екендігін атап өтті.

"Біз бақылауға аламыз ба, жоқ па - бұл өткен жылғы қыркүйек айында Павлодарда қол қойылған әдістемені ратификациялағаннан кейін шешіледі. Оған сәйкес, Ресейдің мұнай өнімдері темір жол арқылы тасылатын болса, бұл саланы реттеуге болады. Темір жол көлігімен тасымалдағанда біз қандай да бір шектеу қоямыз ба, жоқ па, қоймайтын да шығармыз, бірақ бұл әдістемені ратификациялау жағдайында мұндай мүмкіндік беріледі. Бұған Ресей жағы да, Қазақстан жағы да қол қойған", - деп атап өтті МГМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны