11.01.2019, 13:42 5408

Қазақстан Республикасыныӊ аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардыӊ бары анықталған

Азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі бастапқы анықтауға байланысты, Ресей мен Беларусь мемлеткеттеріндегі кәсіпорындарға күшейтілген зертханалық бақылау режимін енгізді

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ аумағына әкелiнетiн өнiмдерде тыйым салынған және зиянды заттардыӊ бары анықталған, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі бастапқы анықтауға байланысты, Ресей мен Беларусь мемлеткеттеріндегі кәсіпорындарға күшейтілген зертханалық бақылау режимін енгізді:

КМАФАнМ-ніӊ (мезофильді аэробты және факультативті түрде анаэробты микроорганизмдердіӊ саны) нормативтік мәнінен асып түсетін бройлер балапан етінен жасалған рагу - ЖШҚ "МПК" "Бройлерное производство" Ресей Федерациясы;

КМАФАнМ-ніӊ нормативтік мәнінен асып түсетін мұздатылған тауық тобық еті "Благояр" - ЖШҚ "Птицекомбинат" Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі;

Потогендік микроорганизмдердіӊ оныӊ ішінде сальмонелла асып түсетін бройлер тауық етініӊ жартылай фабрикаты, мұздатылған сорпа жинағы - ЖШҚ "Нагайбакский птицеводческий комплекс" Ресей Федерациясы, Челябинск облысы;

БІТТ-ніӊ (бактериялық ішек таяқшалары топтамасы) нормативтік мәнінен асып түсетін бұқтырылған шұжық өнімдері, мұздатылған шұжық өнімі (сосика) - ЖШҚ "МПК" "Атяшевский" Ресей Федерациясы Мордовия Республикасы;

Потогендік микроорганизмдердіӊ оныӊ ішінде сальмонелла асып түсетін тұтас бройлер тауық еті - ААҚ "Птицефабрика "Дружба" Беларусь Республикасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны