24.07.2007, 11:34 2478

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту туралы шешім қабылдады

АЛМАТЫ. 24-шілде. Kazakhstan Today. Инфляциялық қысымды сақтау жағдайында ақша-кредит саясатын қатаңдату мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 20 шілдеде өткен отырысында ең төменгі резервтік талаптардың (ЕРТ) нормативтерін өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі міндеттемелер бойынша ЕРТ нормативі 5% деңгейінде, резидент еместер алдындағы міндеттемелер мен резиденттік белгісіне қарамастан бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер жататын өзге міндеттемелер бойынша 10% деңгейінде белгіленді. ЕРТ бұрынғы нормативтері 6% және 8% болатын.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ЕРТ жаңа нормативтері қаулы қабылданған күннен бастап кемінде бір айдан кейін күшіне енеді. Басқарма оларды қолданысқа 2007 жылғы 29 тамыздан бастап енгізу туралы шешім қабылдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны