16.04.2015, 17:41 5075

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2015 жылғы наурызда инфляция 0,1% болды.

Азық-түлік тауарларыныӊ ішінде 2015 жылғы наурызда көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 1,4%-ға, оныӊ ішінде орамжапырақ - 4,1%-ға, алкогольсіз сусындар - 0,8%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,6%-ға, ұн - 0,4%-ға, балық және теӊіз өнімдері - 0,3%-ға қымбаттады. Қанттыӊ бағасы 2,5%-ға, жұмыртқа - 2,1%-ға, жарма - 0,5%-ға, сүт өнімдері - 0,2%-ға, нан - 0,1%-ға төмендеді.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 0,2%-ға (1,3%-ға), ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,1%-ға (0,5%-ға) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардыӊ бағасы өзгерген жоқ (1,0%-ға өсті), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Азық-түлік тауарларыныӊ ішінде 2015 жылғы наурызда көп дәрежеде жемістер мен көкөністер 1,4%-ға, оныӊ ішінде орамжапырақ - 4,1%-ға, алкогольсіз сусындар - 0,8%-ға, кондитерлік өнімдер - 0,6%-ға, ұн - 0,4%-ға, балық және теӊіз өнімдері - 0,3%-ға қымбаттады. Қанттыӊ бағасы 2,5%-ға, жұмыртқа - 2,1%-ға, жарма - 0,5%-ға, сүт өнімдері - 0,2%-ға, нан - 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында дәрі-дәрмектіӊ бағасы 0,9%-ға, тұрмыстық үй заттары - 0,6%-ға, киім және аяқ-киім - 0,5%-ға өсті. Дизель отыныныӊ құны 1,7%-ға, бензин - 1,6%-ға төмендеді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу 0,4%-ға төмендеді. Бұл ретте сұйытылған газ тарифтері 11,4%-ға, тарату желілері бойынша тасымалданатын газ - 2,9%-ға азайды. Тұрғын үйді ұстау тарифтері 0,3%-ға, электр энергиясы - 0,2%-ға өсті. Бұдан басқа, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметініӊ бағасы 1,2%-ға, амбулаторлық қызмет - 0,6%-ға, білім беру қызметі - 0,2%-ға, байланыс қызметі - 0,1%-ға өсті.

2015 жылғы қаӊтар-наурызда инфляция 1,1% (2014 жылғы қаӊтар-наурызда - 3,3%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдыӊ басынан бастап 1,6%-ға (3,3%-ға), ақылы қызмет көрсету - 2,2%-ға (3,3%-ға) қымбаттады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,6%-ға (3,2%-ға өсті) арзандады (1-график).

2015 жылғы наурызда инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 5,2% (2014 жылғы желтоқсанда 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соӊғы 12 айда 6,2%-ға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,8%-ға (7,8%), ақылы қызмет көрсету 5,2%-ға (6,4%) қымбаттады.

2015 жылғы наурыздыӊ аяғындағы халықаралық резервтер мен ақша агрегаттары

2015 жылғы наурызда Ұлттық Банктіӊ жалпы халықаралық резервтері 29,1 млрд. АҚШ долларына дейін 0,1%-ға ұлғайды. Ұлттық Банктіӊ таза халықаралық резервтері 0,2%-ға ұлғайып, 28,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Таза валюталық активтер (ЕАВ) 20,8 млрд. АҚШ долларына дейін 0,6%-ға өсті.

Елдіӊ халықаралық резервтері жалпы алғанда Ұлттық қордыӊ шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 69,7 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 98,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы наурызда ақша базасы 4,5%-ға кеӊейіп, 3287,0 млрд. теӊге болды. Тар ақша базасы, яғни банктердіӊ Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 1,7%-ға кеӊейіп, 3111,3 млрд. теӊгені құрады. Ақша базасыныӊ кеӊеюіне Ұлттық қорды қоспағанда таза ішкі активтердіӊ және сол сияқты Ұлттық Банктіӊ таза халықаралық резервтерініӊ қаралып отырған кезеӊде өсуі себепші болды.

2015 жылғы ақпанда ақша массасы 12287,2 млрд. теӊгені құрады, айналыстағы қолма-қол ақшаныӊ көлемі 1020,8 млрд. теӊге болды, банк жүйесіндегі депозиттер 11266,4 млрд. теӊгені құрады. Ақша массасыныӊ құрылымындағы депозиттердіӊ үлесі 2015 жылғы қаӊтардыӊ соӊындағы 91,6%-дан 2015 жылғы ақпанныӊ соӊында 91,7%-ға дейін өсті. 2015 жылғы ақпанныӊ соӊында ақша мультипликаторы 3,91 болды.

2015 жылғы наурыздағы валюта нарығы

2015 жылғы наурызда теӊгеніӊ АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 185,05 - 185,65 теӊге аралығында өзгерді. Ай соӊында теӊгеніӊ биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 185,65 теӊге болды.

2015 жылғы наурызда қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардыӊ көлемі 2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 38,4%-ға төмендеді және 3,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 15,2%-ға 0,5 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.

Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардыӊ көлемі 2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 36,3%-ға төмендеді және 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады.

2015 жылғы наурыздағы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2015 жылғы наурызда Қаржы министрлігініӊ мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 2 аукцион өтті. Оларда 15 жылдық МЕУКАМ (30,3 млрд. теӊге), 20 жылдық МЕУКАМ (35 млрд. теӊге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 15 жылдық МЕУКАМ бойынша - 7,67%, 20 жылдық МЕУКАМ бойынша - 8,07% болды.

Қаржы министрлігініӊ айналыстағы бағалы қағаздарыныӊ көлемі

2015 жылғы наурыздыӊ соӊында өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға ұлғайып, 4760,5 млрд. теӊгені құрады.

Қазақстан Ұлттық Банкініӊ қысқамерзімді ноттары

2015 жылғы наурызда Ұлттық Банктіӊ ноттарын орналастыру бойынша аукциондар өтпеді.

2015 жылғы наурыздыӊ соӊындағы жағдай бойынша банкаралық ақша нарығы.

2015 жылы наурыздыӊ соӊындағы жағдай бойынша орналастырылған банкаралық депозиттердіӊ жалпы көлемі баламасында 3058,2 млрд. теӊгені құрады.

Орналастырылған банкаралық теӊгедегі депозиттердіӊ көлемі 43,6 млрд. теӊгені (орналастырылған депозиттердіӊ жалпы көлемініӊ 1,4%-ын) құрады. Бұл ретте, орналастырылған банкаралық теӊгедегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы наурызда 6,0% болды.

Орналастырылған АҚШ долларындағы депозиттердіӊ көлемі 15,9 млрд. АҚШ долларын (орналастырылған депозиттердіӊ жалпы көлемініӊ 96,3%-ын) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2015 жылғы ақпандағы 0,07%-дан 2015 жылғы наурызда 0,10%-ға дейін өсті.

Ресей рублімен және еуромен орналастырылған депозиттердіӊ көлемі шамалы болды - орналастырылған депозиттердіӊ жалпы көлемініӊ тиісінше 2,2%-ы және 0,1%-ы.

2015 жылғы наурызда шетел валютасындағы банкаралық депозиттердіӊ үлесі орналастырылған депозиттердіӊ жалпы көлемініӊ 1,3%-ына ұлғайды. Шетел валютасында бейрезидент банктерде орналастырылған депозиттердіӊ үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердіӊ жалпы көлемініӊ 0,7%-ына ұлғайды.

Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердіӊ көлемі 2015 жылғы наурыздыӊ соӊындағы жағдай бойынша 32,7 млрд. теӊгені құрады.

2015 жылғы ақпанныӊ соӊындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердіӊ депозиттік ұйымдардағы депозиттерініӊ жалпы көлемі 11 266,4 млрд.теӊге болды. Заӊды тұлғалардыӊ депозиттері 6 978,8 млрд. теӊге, жеке тұлғалардыӊ депозиттері - 4 287,6 млрд. теӊге болды.

Шетел валютасындағы депозиттердіӊ көлемі 6 146,7 млрд. теӊге, ұлттық валютада - 5 119,7 млрд. теӊге болды. Теӊгедегі депозиттердіӊ үлес салмағы 45,4% құрады.

Халықтыӊ банктердегі салымдары (бейрезиденттерді қоса алғанда) 4 326,4 млрд. теӊге болды. Халық салымдарыныӊ құрылымында теӊгемен салынған депозиттер 1 390,3 млрд. теӊге, шетел валютасындағы депозиттер - 2 936,2 млрд. теӊге болды. Халық салымдарыныӊ құрылымында теӊгемен салынған депозиттердіӊ үлес салмағы 32,1%-ды құрады.

Мерзімді депозиттер 7 866,2 млрд. теӊге болды. Мерзімді депозиттердіӊ құрамында теӊгемен салынған депозиттер 3 231,8 млрд. теӊге, шетел валютасындағы депозиттер - 4 634,4 млрд. құрады.

2015 жылғы ақпанда банктік емес заӊды тұлғалардыӊ теӊгемен салынған мерзімді депозиттерініӊ орташа алынған мөлшерлемесі 13,0% ( 2015 жылғы қаӊтарда - 11,3%), ал жеке тұлғалардыӊ депозиттері бойынша - 7,4% (2015 жылғы қаӊтарда - 8,6%) болды.

2015 жылғы ақпанныӊ соӊындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердіӊ экономиканы кредиттеудіӊ жалпы көлемі 12 080,8 млрд. теӊгені құрады. Теӊгемен берілген кредиттер көлемі 8 476,0 млрд. теӊге, шетел валютасында - 3 604,7 млрд. теӊге құрады. Теӊгемен берілген кредиттердіӊ үлес салмағы 70,2%-ды құрады.

Ұзақмерзімді кредиттеу 2015 жылғы ақпанда 0,4%-ға артып, 9 708,9 млрд. теӊгені құрады. Ұзақмерзімді кредиттердіӊ үлес салмағы бір ай ішінде 79,5%-дан 80,4%-ға дейін артты.

Заӊды тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 8 096,6 млрд. теӊге, жеке тұлғаларға - 3 984,1 млрд. теӊге болды. Заӊды тұлғаларға берілген кредиттердіӊ үлес салмағы бір айда 32,8%-дан 33,0%-ға өсті.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 0,7%-ға артып, 1 800,6 млрд. теӊгені немесе экономикаға кредиттеудіӊ жалпы көлемініӊ 14,9%-ын құрады.

Салалар бойынша банктердіӊ экономикаға кредиттерініӊ неғұрлым басым сомасы 2015 жылғы ақпанныӊ соӊындағы жағдай бойынша сауда (жалпы көлемдегі үлесі - 19,7%), өнеркәсіп (11,5%), құрылыс (9,1%), ауыл шаруашылығы (4,0%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы ақпанда банктік емес заӊды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақыныӊ орташа алынған мөлшерлемесі 19,0%, жеке тұлғаларға - 21,4% құрады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫӉ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны