08.04.2008, 11:33 3263

Қазақстан шикі мұнай экспортының баж салығын енгізді (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан шикі мұнай экспортының баж салығын енгізді (толықтырылған нұсқа)

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шикі мұнай экспортының баж салығын енгізді. Мұндай шешім бүгін Астанада өткен үкіметтің отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

2008 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік нарықтағы мұнай тоннасының құны $714 құрағанда, баж салығы $109,91 мөлшерінде белгіленді.

"Бұл жыл соңына дейін бюджет қоржынын $1 млрд толтыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті индустрия және сауда министрі Владимир Школьник.

Қаулы 30 күннен кейін күшіне енеді.

"Қаулы бойынша, шикі мұнайдың кедендік баж салығы ренталық салық көлемі деңгейіне дейін төмендетіледі. Сөйтіп, ренталық салық мөлшерімен экспортталатын шикі мұнай экспортының тоннасына $27,4 деңгейінде кедендік баж салығы белгіленеді ", - деп түсіндірді В. Школьник.

Ол атап өткеніндей, "жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан сыртқа шығарылатын мұнайға кедендік баж салығы салынбайды, өйткені олардың келісім шарттары бойынша салық режимі тұрақты". "Мұндай келісім шарттардың тізімі қазір жасалып жатыр", -деді ол.

ИСМ басшысы айтқанындай, енгізілетін кедендік экспорттық баж салығы "салық мәселесін шешіп қана қоймай, ішкі нарықта мұнай жеткізуді тұрақтандырады ". "Үкіметтің қаулысында экспорттық баж салығы салынатын қосымша тауарлардың тізімі қарастырылған, - бұл кокс және мұнай битумы. Аталған тауарлардың тоннасына салынатын экспорттық кедендік баж салығы $82,8 құрайды", - деп түсіндірді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны