10.11.2015, 15:08 4191

Қазақстан ШОБ-ті оқытуға 40 млн доллар көлемінде қарыз алады - ҚР ҰЭМ

"Қазақстанныӊ шағын және орта бизнесініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы аясында Дүниежүзілік банк тарапынан қаржыландыру 40 млн долларды құрауы мүмкін"

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы" заӊ жобасы аясында Қазақстан кәсіпкерлерді оқытуға Дүниежүзілік банк тарапынан 40 млн доллар көлемінде қарыз тартуы мүмкін, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламентініӊ Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетініӊ кеӊейтілген отырысы барысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстанныӊ шағын және орта бизнесініӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасы аясында Дүниежүзілік банк тарапынан қаржыландыру 40 млн долларды құрауы мүмкін", - деді Т.Жақсылықов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, ол мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру көлемі 6 млн доллар болатынын айтты. Аталған жоба 5 жылға есептелген, осы уақыттыӊ ішінде 70 мыӊға жуық кәсіпкерді оқыту жоспарланған.

"Маӊыздысы, осы 70 мыӊмен шектеліп қалмай, бағдарлама аяқталған соӊ білікті даярланған бизнес жаттықтырушылар мен кеӊес берушілер қалады, және олар жалпы шағын және орта бизнестіӊ біліктілігін арттыруды жалғастырады", - деп нақтылады ол.

Бірінші кезекте, қазақстандық консалтингтік компаниялардыӊ ішінен 750 бизнес жаттықтырушы оқытылады.

Оныӊ айтуынша, бағдарлама шеӊберінде төрт бағыт айқындалған. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкерліктіӊ әлеуетін дамыту. Бұл ретте шағын және орта бизнеске ұсынылатын мемлекеттік қолданыстағы қаржылық емес қолдауды, олардыӊ мазмұныныӊ сапасын және ұсынылу тетігін жақсарту, озық халықаралық тәжірибені енгізу және хабардарлықты жоғарылату арқылы жақсарту мен кеӊейту жоспарлануда. Екіншіден, бәсекеге қабілетті секторлардағы шағын және орта кәсіпорындар арасындағы өзара байланыс орнатылады. Осыған орай, шағын бизнестіӊ ірі жергілікті және Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын халықаралық корпорациялармен нарықтық байланыстарын кеӊейту жататын, жеткізушілерді дамыту қызметін құру жоспарлануда. Үшінші бағыт бойынша бағдарламалардыӊ шағын және орта кәсіпкерлікке әсерін бағалау қамтылады. Төртіншіден, кәсіпкерлер үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін факторингті енгізу мүмкіндігін бағалау іске асырылатын болады.

Бұдан өзге, 200 млн доллар Дүниежүзілік банктен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мен екінші деӊгейлі банктер арқылы ШОБ-ті одан әрі несиелеуге тартылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны