06.05.2006, 17:36 3063

Қазақстан табиғи газды Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырымен экспорттау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр

БАКУ. 6-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан табиғи газды Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырымен экспорттау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Kazakhstan Today тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Бакуде журналистермен әңгімесінде құлағдар етті.

"Қыркүйек айында Баку мен Эрзурум арасында сыйымдылығы 30 млрд. текше метрді құрайтын газ құбыры тартылады. Қазақстан қазір осы желіге бірігу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр",- деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, бұл жобаға қатысу Қазақстанның алдына көгілдір отынды Еуропаға экспортқа шығаруға тың мүмкіндіктер ашады. "Бұл біздің еліміз үшін тың балама болып қана қоймай, сонымен бірге жаңаша экономикалық мүмкіндікке айналмақ",- деп атап өткен Д.Ахметов өзі басқаратын үкіметтің бұл мәселені мұқият зерттейтінін жеткізді.

Қазақстан Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырына Транскаспий газ құбырын салуға атсалысу арқылы біріге алады. Ал Транскаспий газ құбыры Каспийдің шығыс жағалауынан газды Изербайжан арқылы Түркияға экспорттауға бағытталған.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанның Транскаспий газ құбырын салуға атсалысу мүмкіндіктері туралы мәселені ол Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен екі жақты кездесуінде талқылады. "Иран Ислам Республикасының президентімен кездесу энергетикалық қор саласындағы интеграциялық поблемалар мен Қазақстанның Транскаспий газ құбырын салу жобасына атсалысу мәселесіне Иранның көзқарасы мәселесіне арналды. Иран президенті оған оң көзқарасын білдірді. Біз бұған қуаныштымыз",- деді Д.Ахметов.

Ол сондай-ақ ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың таяу уақыттарда Иранға аттанатынын, онда своп операцияларының көлемін арттыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізетінін хабарлады. Сонымен бірге ҚР ауылшарашылығы министрлігінің бір басшысы Қазақстан астығын Иранға жеткізу жайын талқылайды. "Бұл - аса маңызды шешімдердің бірі, оны жүзеге асыру қажет",- деді Д.Ахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны