07.10.2016, 23:59 7404

Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылында Алматы экономикасы 100 есе өсті - Байбек

"Өткен жылы біз экономиканыӊ 4,2% өсуіне қол жеткіздік, биыл да жақсы көрсеткіштерді күтудеміз. Жалпы алғанда биылғы жылдыӊ 9 айында бюджеттіӊ болжамы 80% орындалды деп айта аламыз және Шағын және орта бизнес саласынан түскен салықтық түсімдердіӊ үлесі 40%-ға артқанына қуаныштымыз, ал біз 10%-дан бастаған болатынбыз", - деді Б.Байбек.

Алматы. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда ТМД-ға қатысушы елдердіӊ салық қызметтері жетекшілерініӊ үйлестіру кеӊесініӊ XXIII отырысы өтті, оған қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыс барысында Б.Байбек салық қызметтерініӊ маӊызын, әсіресе олардыӊ мегаполистегі қызметініӊ маӊызын ерекше атап өтті.

"Алматы мемлекет кірісініӊ үштен бір бөлігін береді, бұл донор-қала және алматылықтар, тұтастай алғанда, мемлекет басшысыныӊ саясаты арқасында табыс тауып үйренді. Біз Алматы - бизнестіӊ және жеке капиталдыӊ қаласы деп атаймыз, осылайша, статистикаға қарайтын болсақ, Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында Қазақстан экономикасы 20 есе өскенін, ал, Алматыныӊ Жалпы өӊірлік өнімі 100 есе өскенін көреміз. Халықтыӊ кіріс деӊгейі жалпы ел бойынша алғанда 2,2 есе артық. Жалпы өӊірлік өнім $41 млрд құрайды, бұл біздіӊ өӊір үшін де, ғаламдық деӊгейде салыстырғанда да жақсы нәтиже", - деді әкім.

Сондай-ақ, Б.Байбек 7 басымдық берілген бағытқа негізделген "Алматы-2020" бағдарламасына ерекше көӊіл аудартты. Оныӊ айтуынша, салық қызметтерініӊ жұмысы бір басты бағыттыӊ, қаланыӊ дамуына, оныӊ өмір үшін жайлылығын арттыруға өз ықпалын тигізеді, бұл қосымша инвестициялар мен шетелдік инвесторларлы тартуға мүмкіндік береді.

"Өткен жылы біз экономиканыӊ 4,2% өсуіне қол жеткіздік, биыл да жақсы көрсеткіштерді күтудеміз. Жалпы алғанда биылғы жылдыӊ 9 айында бюджеттіӊ болжамы 80% орындалды деп айта аламыз және Шағын және орта бизнес саласынан түскен салықтық түсімдердіӊ үлесі 40%-ға артқанына қуаныштымыз, ал біз 10%-дан бастаған болатынбыз", - деді Б.Байбек.

Соӊғы 15 жылда салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдердіӊ жиналымы 2000 жылғы 393 млрд теӊгеден 2015 жылғы 5,1 трлн теӊгеге дейін шамамен 9 есе өсті.

Іс-шара барысында бұған қоса ТМД-ға қатысушы елдердіӊ қаржылық-экономикалық саладағы ықпалдастық мәселелері де талқыланды. Салық қызметтерініӊ электрондық шот-фактураларды және тауарға ілеспе жөнелтпе құжатты қолданысқа енгізу, кедендік және салықтық жүйелерді интеграциялау және тәуекелді басқару тәжірибесі шешуші тақырыпқа айналды. Атап айтсақ, Қазақстан өкілдері "Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауар жеткізу және олардыӊ айналымы туралы" хаттаманы жүзеге асыру мақсатында құрылған "Электрондық шот-фактура" жүйесін қолданысқа енгізу туралы баяндап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны