22.05.2014, 20:50 3102

Қазақстан - Түрікменстан - Иран теміржол желісі аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтеді- Е. Досаев

ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ирандық әріптесі - Иран Ислам Ресупбликасының экономика және қаржы министрі Али Тайебниамен келіссөз өткізді.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ирандық әріптесі - Иран Ислам Ресупбликасының экономика және қаржы министрі Али Тайебниамен келіссөз өткізді.

"Иран және Қазақстанның екі жақты ынтымақтастығы ғана күшеюде емес, сонымен қоса өнірлік сауда-экономикасын ынтымақтастығы күшеюде, одан басқа Қазақстан-Түрікменстан-Иран ("Жанаөзен - Қызылғая - Берекет - Этрек - Горган") теміржол желісі бағдарының пайдалануға беруі өнірдін транспорттық-коммуникациялық жүйесінің тиімділігін бірнеше есеге арттырады", - деді Е. Досаев.

"Көптеген өнірлік және халықаралық мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық әрекеттесуі бойынша Астана мен Тегеранның мүдделері түйіседі", - деп Ерболат Досаев атап өтті.

Иран теміржолының құрылыс жұмыстары аяқталды, деп ҚР ЭБЖМ-де хабарлады. Иран-Түрікмен шекарасындағы "Инче-Бурун" шекара бойындағы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны