19.07.2007, 13:08 3149

Қазақстан үкіметі еліміздің шаруашылық субьектілерінің Үндістанның алдындағы берешектерін өтеуге шара қолданады - Экономика министрлігі

АСТАНА. 19 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі еліміздің шаруашылық субьектілерінің Үндістанның алдындағы берешектерін өтеуге шара қолданады.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы Үндістан елінің елшісі Ашок Саджанхар мырзамен және елшіліктің екінші хатшысы, Үндістанның Астанадағы өкілі Джордж Раджумен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі министрліктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні Қазақстанның Үндістан алдында шай өнімдерінің импорты үшін 5,7 млн доллар, фармацевтикалық туарлар импорты үшін 7 миллион долларға жуық қарызы бар. Бұл қазақстандық шаруашылық субъектілірінің берешегі. "Дегенмен, бұл мәселені жақын арада шешу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі күш салады",- деді вице министр Б. Сапарбаев.

Иңгіме барысында екі ел арасындағы қарым қатынастарды нығайту жолдары әңгіме болды.

Өз кезегінде Үндістан өкілдері газ және мұнай секторлары мен тоқыма өнеркәсібі салаларындағы екі ел арасындағы қарым қатынастарды нығайту мәселелері қатты қызықтыратынын атап өтті.

Сондай - ақ, Б. Сапарбаев Шымкент қаласында орналасқан доңғалақ жасау зауытының дамуына үнді инвестицияларын тартуды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны