18.06.2008, 14:25 1585

Қазақстан үкіметі өңдеу саласындағы инвесторларға ғимараттарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды шегерімге жатқызу құқығын беруді ұсынады

Қазақстан үкіметі өңдеу саласындағы инвесторларға ғимараттарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды шегерімге жатқызу құқығын беруді ұсынады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі өңдеу саласындағы инвесторларға ғимараттарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды шегерімге жатқызу құқығын беруді ұсынады. Бұл туралы "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстел басталар алдында журналистерге таратылған хабарламада айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өңдеу саласындағы барлық инвесторларға жиынтық жылдық кірісінен ғимараттарды салу мен сатып алу, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды жеңілдетілген тәртіппен шегеріп тастау құқығын беру ұсынылған", -делінген құжатта.

Бұл шегерімді бір рет толық құннан, немесе, үш жыл бойы бірдей үлеспен жасау көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны