09.06.2009, 13:05 1209

Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда елдегі нарықтан өткен жылғы астықтың 1 млн тоннасын сатып алу жөнінде шешім қабылдайды

Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда елдегі нарықтан өткен жылғы астықтың 1 млн тоннасын сатып алу жөнінде шешім қабылдайды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда елдегі нарықтан өткен жылғы астықтың 1 млн тоннасын сатып алу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен брифингте ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан үкіметі таяу уақыттарда елдегі нарықтан артық астықты алу үшін өткен жылғы астықтың 1 млн тоннасын сатып алу жөнінде шешім қабылдайды", - деді А. Евниев.

Ол бұған қоса 30 маусымда маркетингтік жыл аяқталатынын және осы уақытқа дейін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі астық импортын қорытындылатынын атап өтті. Оның айтуынша, "қазіргі жағдаймен 5 млн 200 мың тонна ұн мен астық экспортталды, бұл Украина және Ресей астығына нарық пен айлақтардың толық қамтамасыз етілгендігіне байланысты қиындықтарға қарамастан мүмкін болған". Алдын-ала мәліметке сәйкес, жалпы алғанда астық экспортының 2008/2009 маркетингтік жылдағы деңгейі 5,5 млн тоннаны құрайды.

"Экспорттың 50% ұн түрінде іске асырылды. Қазақстан осымен үшінші жыл ұн экспнорты бойынша алда келеді. Осы айларда белгілі бір секіріс жасалады деп сенеміз, одан кейін күздік дақылдың түсімі бар", - деді ол.

"Экспорт орта есеппен ай сайын 200 - 250 мың тоннаны құрады", - деді А. Евниев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны