06.08.2012, 11:05 3096

Қазақстан Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 5,5% дейін төмендетті

Бұл кезге дейін Ұлттық банктің ресми мөлшерлемесі жылдық 6% құрайтын.

Алматы. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 5,5% дейін төмендетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл кезге дейін Ұлттық банктің ресми мөлшерлемесі жылдық 6% құрайтын.

Ұлттық банктің берген түсініктемесіне қарағанда, мұндай шешім жылдық инфляция қарқыны үдерісінің төмендеуіне байланысты қабылданған.

Биылғы жылы мөлшерлеме төртінші рет төмендетіліп отыр, жылдың басында ол жылдық 7,5% құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны