11.11.2016, 18:01 4843

Қазақстан жыл сайын 2,5 млн. тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып отыр

"Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығыныӊ өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн. теӊгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 6 есеге артты. Илемніӊ 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жыл сайын 2,5 млн. тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып, соӊғы жылдары әлем бойынша көшбасшы орындардыӊ бірін иемдендік", - деді И. Рамазанова.

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - ҚР АШМ ауыл шаруашылығы саласыныӊ тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен алда жоспарланған шаралар тізбесін жариялады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ даму көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығы саласыныӊ тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері және Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасы бойынша брифинг болып өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорыныӊ орынбасары И. Рамазанова арнайы баяндама жасап, 90-шы жылдардыӊ соӊында агроқұрылымдардыӊ қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қаржылық реабилитация және санация жүргізу туралы теӊдессіз шешім қабылданғанын атап өтті. Яғни, дер кезінде қолға алынған осы шаралардыӊ арқасында несиелік қарыз 67,2 млрд теӊгеге азайып, 55%-ға қысқартылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін салық төлеу кезінде жеӊілдіктердіӊ болуы және бюджеттік қарызды кейін төлеуге рұқсат етілу мәселелері ерекше қарастырылды.

Бірінші он жылдықтыӊ саяси және экономикалық нәтижелері жекеменшіктіӊ мемлекеттіктен жеке қолға өтуі және нарықтық экономиканыӊ құқықтық негіздерініӊ қалыптасуынан көрінді. Ауылдарда нақты меншік иесі пайда болып, менталитет өзгеріп, нарықтық ұстанымдарға негізделген жаӊа өндірістік қарым-қатынас орнады. Мемлекеттік ұжымшар және кеӊшарлық өндіру жүйесі жаз мезгіліне қарай тоқтатылды. Бұл ауыл шаруашылығыныӊ жаӊаша дамуына және өндірістіӊ қарқынды өсуіне негіз болды. Екінші онжылдық бәсекеге қабілетті өндіріс саласыныӊ экономикалық дамуымен сипатталады.

"Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығыныӊ өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн. теӊгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 6 есеге артты. Илемніӊ 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жыл сайын 2,5 млн. тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып, соӊғы жылдары әлем бойынша көшбасшы орындардыӊ бірін иемдендік", - деді И. Рамазанова.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласында әр кезеӊніӊ ерешелігіне қарай шешімдер қабылданып отыратынын, тиісінше, қазіргі таӊда әлемдік тәжірибеде оӊ нәтижелер көрсетіп отырған әмбебап тетіктерді іске қосу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ қабылданғалы отырғанын және де оныӊ бұған дейінгі салалық бағдарламалардыӊ заӊды жалғасы екендігін жеткізді.

Оныӊ айтуынша, аталған мемлекеттік бағдарламаныӊ басты мақсаты - нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерініӊ өндірісін қамтамасыз ету болмақшы. Атап айтқанда, әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламаныӊ негізгі міндеттері мал шаруашылығыныӊ тиімділігін 58%-ға, ал өсімдік шаруашылығыныӊ тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мыӊ ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өӊдеудіӊ пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімніӊ қазақстандық брендін жылжыту, 600 мыӊ га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру сынды тармақтарды қамтиды.

"Бағдарламаны мемлекеттік форматқа қайта бекіту шеӊберінде субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланған, бұл қазіргіден де жоғары деӊгейде мемлекеттік қолдау алушыларды кеӊінен қамтуға, осылайша, оныӊ тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Төлеутай Рахымбеков.

Жалпы, өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Айталық, бидай алқаптарыныӊ бір бөлігі аса сұранысқа ие дақылдармен (майлы дақылдар, арпа, жемдік жүгері, қант қызылшасы, азықтық дақылдар) алмастырылады. Ауыл шаруашылығы өнімініӊ өнімділігін жоғарылату мақсатында жоғары сапалы тұқымдарды қолдану және тыӊайтқыштарды енгізу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мал шаруашылығы саласында мал азығымен қамтамасыз етуді жолға қою қажет. Осыған орай, елдік азықтық теӊгерім әзірленіп, енгізілетін болады, азықтық дақылдардыӊ алаӊдары ұлғайтылады, құрама жемдерді өндіру және тұтыну ынталандырылады, сондай-ақ, жайылымдарды пайдаланудыӊ тиімділігін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асыл тұқымды жануарлардыӊ үлесін жоғарылату бойынша шаралар қабылданады.

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суармалы жерлердіӊ алаӊдарын ұлғайту бойынша шаралардан басқа, қосымша электрондық форматта жер ресурстарыныӊ жай-күйі туралы мәліметтер қалыптастырылады. Бұдан басқа, АӨК-ні инфрақұрымдылық қамтамасыз ету үшін өнімді өткізу бойынша ауылдық кооперативтер құруды ынталандыру, ауыл тұрғындарына несие беру және оларға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ, қаржылық құралдардыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылады.

Сонымен қатар, АӨК субъектілерініӊ техникалық жарақтандырылуын арттыру үшін алыс шетелден қымбат техника мен жабдықтарды сатып алу үлесін төмендету бойынша шаралар қабылданады және де агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру шеӊберінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Үкіметке жылдыӊ соӊына дейін Су ресурстарын басқарудыӊ мемлекеттік бағдарламасымен біріктіру арқылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Бүгінгі таӊда аталған тапсырманы орындау аясында бағдарлама жобасын қоғамдық талқылаудан өткізу, сарапшы қауымдастықтан ұсыныстар жинау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны