29.06.2009, 16:38 3412

Қазақстанда 2007 жылдан бері 63 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстанда 2007 жылдан бері 63 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2007 жылдан бері 63 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков бүгін парламент мәжілісінде өткен "үкіметтік сағат" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Жер пайдалануды мемлекеттік бақылау жүргізуде, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбауға байланысты мәселелер де баршылық. Атап айтатын болсам, қазіргі қолданымдағы Жер кодексіне сәйкес ондай жерлерді пайдаланбағаны үшін жер учаскесі иелерінен алып қою процедурасы өте күрделі, яғни бұл ретте ондай жерлер кемінде екі жыл пайдаланбағаннан кейін ғана жер инспекциясының ескертілуі беріледі және де тағы да бір жыл өткеннен кейін ол жерлер пайдаланбаған жағдайда ғана сот орындарына жерді мәжбүрлеп алу туралы талап-арыз түсіріледі. Бұл ретте жердің пайдаланбауы туралы негіздемелерді сот алдында дәлелдеу барысы да оңай шаруа емес. Аталған мәселелер бойынша өткен жылдың 28 маусым айында Елбасының тапсырмасы да болды, яғни пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтарып алу процедурасын мейлінше оңтайландыру мәселесі алға қойылды",- деді агетнтік төрағасы.

Осы себепті, оның айтуынша, жер учаскесін бес жыл кезең ішінде екі жыл пайдаланбаса сот арқылы мәжбүрлеп алу белгіленіп отыр және де ол ұсыныс заң жобасында берілді.

"Агенттіктің жер инспекциясының 2007-2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы жерлері бойынша жүргізілген мемлекеттік бақылау жұмыстарының нәтижесінде 63 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды, оның ішінде 25,6 мың гектары сот арқылы және де 225 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылмау фактілері бойынша иесіз жерлер ретінде есепке алынды",- деді Ө.Өзбеков.

Жергілікті жерде жүргізілген жұмыстар мен талдау нәтижелері бойынша жер қатынастарын реттеу саласындағы заң бұзушылықтар негізінен елді мекендердің келешектегі дамуы, сондай-ақ олардың бас жобасы ескертілмей ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің нысаналы пайдаланылуын құрылыс мақсатына өзгертумен байланысты екендігі анықталды.

Аумақтардың дамуын мемлекеттік басқару мақсатында агенттіктің ұсынысымен Астана қаласында және барлық облыс орталықтарында әкімшіліктер мемлекеттік объектілерді орналастыру үшін жер учаскелеріне сұранысты анықтады.

Анықталған ондай жерлердің жалпы көлемі 28,5 мың гектар құрады, оның ішінде меншікте және жер пайдалануда 10 мың га.

Аталған жұмыс шегінде Астана қаласы және облыс орталықтары әкімдіктері мемлекеттік объектілер орналасуы мүмкін болатын жер учаскелерінің иелерімен аталған бұрын сатылып алынған төлемақы ставкасынан аспайтын бағамен мемлекет меншігіне беру туралы келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде жер учаскелері иелерімен 13,6 мың гектар жерге 163 ниеттеме келісімшарттары жасалынды",- деді агенттік төрағасы өз баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны