28.08.2012, 20:14 3118

Қазақстанда 4,7 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанның барлық аймақтарында егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 40,6% аумақта егін жинау жұмыстары аяқталды. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында мәлімделген.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда 4,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның барлық аймақтарында егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 40,6% аумақта егін жинау жұмыстары аяқталды. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің сайтында мәлімделген.

Облыстық ауыл шарушылығы басқармаларының 2012 жылдың 28 тамызындағы мәліметіне сәйкес, ауыл шарушылығы өнімін өндірушілер 6285,5 мың га аумақтан астық жинап үлгерген, бұл барлық алқаптың 40,6 %-ын құрайды. 4652,1 мың тонна астық бастырылды, егіннің орташа түсімі 7,4 ц/га құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны