06.10.2011, 16:22 3260

Қазақстанда ағымдағы және 2012 жылдары 10 көкөніс қоймасы пайдалануға беріледі

Қазақстанда ағымдағы және 2012 жылдары "ҚазАгроФинанс" компаниясының қаржыландырылуымен салынып жатқан 10 көкөніс сақтайтын қойма пайдалануға беріледі

Астана. 6-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ағымдағы және 2012 жылдары "ҚазАгроФинанс" компаниясының қаржыландырылуымен салынып жатқан 10 көкөніс сақтайтын қойма пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "келесі аптада Астана қаласында көкөніс өнімдерін сыйымдылығы 3,2 мың тонналық жаңа көкөніс қоймасына жинау басталады. Үстіміздегі жылдың соңына дейін және 2012 жылы Алматы облысында 2 қойма, Павлодар облысында - 2, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2, сонымен қатар Атырау, Қостанай және Шығыс қазақстан облыстарында бір бір көкөніс қоймаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны